Қазақстандық кішкентай мұғалім жетістікке жетуінің себебін айтты

«Есеп шығаруды балаға баланың тілімен түсіндіремін» дейтін қазақстандық ең кішкентай мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жетістікке қалай жеткені жайында оқырмандарына айтып берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Есеп шығаруды балаға баланың тілімен түсіндіремін» дейтін қазақстандық ең кішкентай мұғалім әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің жетістікке қалай жеткені жайында оқырмандарына айтып берді. Небәрі 10 жасар Абылай өзінің ағылшын тілін және математиканы қалай үйреніп алғаны жөнінде айтты. Оның ағылшын тілі мен математиканы сүйіп оқуына ата-анасының сенімі себеп болған. Оның айтуынша «Баланың жетістікке жетуіне әрі мықты тұлға болуына ата-анасы жауапты. Оқыту мен дамытуы бір бөлек, бала өзіне 100% сенімді болуы керек» дейді.

Кішкентай мұғалім жетістікке жетуінің сырын ата-анасының тынымсыз еңбегі мен ізденісінің арқасы деп біледі. Ол ағылшын тілін біліп қана қоймай, математикадан балаға баланың тілімен сабақ береді. Оның парақшасындағы әр жазбасы математикалық есептердің шешімдеріне арналған. Небәрі 1-сынып оқушысына әр есепті шемішкеше шағып, қалай шығару керек екенін түсіндіреді. Кішкентай мұғалімнің Instagram желісінде танымал болуының құпиясы: есепті баланың тілімен түсіндіруінде.

Ата-анасының сенімділігі оған ағылшын тілін үйренуге және математикадан курс өткізуіне себеп болған. Кішкентай мұғалім сенімінің арқасында 12 жасында Лондон колледжінде білім алып жатыр.

Кішкентай мұғалімнің жанкүйерлері де күн санап артып келеді. Оның Instagram әлеуметтік парақшасына оқырмандардан келетін ыстық лебіздер мен пікірлер саны толассыз. Кішкентай мұғалімнің айтуынша, тіпті одан «курс өткізіңізші» деп көмек сұрайтын көрінеді. «Оқырмандарымның тең жартысы ата-аналар» деп ол өз парақшасында жауап берген еді.
Кішкентай мұғалімнің оқырмандарынан пікірлер:
Бақдәулет Әшім:
«Кішкентай мұғалім көп-көп рахмет саған. Менің балам сабақ десе жылап шығатын еді. "Сабақ оқымаймын" деп. Ал қазір "Бүгін не орындаймын, кішкентай мұғалім қандай тапсырма берді?" деп күтіп жүреді. Қызығушылығы ашылып, күнде сені іздеп отырады».
Асылжан Сейдалы:
«Керемет! Мен баған түрінде есеп шығара алмайтын едім. Сосын сенің видеоларыңды көріп, үйреніп алдым».
Еркін Тойшиев:
«Сенің видеоларың керемет! Мен бөлуді білмейтін едім. Енді үйреніп жатырмын».