Саясат
Ол 112 200 теңге көлемінде айыппұл төлейді
Тұтқындалған ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың жары Юлияға 20 мың рубль (112 200 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Bugin.kz платфомасы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Юлия Навальнаяға митингіге қатысқаны үшін айыппұл салынған.
"Сот оны "Жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарына кедергі келтіретін акцияға қатысу" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 20 мың рубль айыппұл салды", - деді Мәскеудегі Щербинский сотының баспасөз қызметі.
Юлия Навальная задержана полицией при мирной прогулке по Москве. Защитника к ней не пустили, не представились, не предъявили удостоверений, не назвали причину задержания. pic.twitter.com/GO6bE3KXo6
— Vyacheslav Gimadi (@vigimadi) January 31, 2021
Еске салайық, Юлия Навальная 31 қаңтарда Мәскеуде ұсталған. БАҚ мәліметінше, ол Алексей Навальныйды қорғауға арналған наразылық акциясы кезінде ұсталған.