Әлем жаңалықтары

Трамп "Нобель" сыйлығына қай ерлігі үшін ұсынылды?

Ол АҚШ тарихындағы тұңғыш...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Эстонияның Еуропарламент депутаты Яак Мадисон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Саясаткер Трамптың кандидатурасын соңғы 30 жылда ел басқару қызметінде соғыс бастамаған АҚШ-тың тұңғыш президенті екеніне байланысты ұсынғанын түсіндірді.

"Сонымен қатар, оның басшылығымен Таяу Шығыста тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге көмектесетін бірқатар бейбіт келісімдерге қол қойылды. Нобель сыйлығын кім алатынын көрейік", - деп жазды Эстонияның консервативті халықтық партиясының өкілі өзінің Facebook-парақшасында.

Мадисон Трампты Нобель сыйлығына ұсынған жалғыз адам емес.

"Трамптың үміткерлігін неғұрлым көп адам ұсынса, жетістікке жету мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - деді Мадисон.

Айта кетейік, 2020 жылдың қыркүйегінде Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде Нобель комитетіне Трампты бейбітшілік сыйлығына ұсыну туралы ресми өтініш жіберді. Ол өз хатында Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасындағы қарым-қатынасты орнатуда маңызды рөл атқарғанын айтты.