Bugin

Тоқтар Төлешевтің сыра зауыты сатылып кетті

Кәсіпорынның акциялары сатылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 21 жылға сотталып, мүлкі тәркіленген Тоқтар Төлешевтің сыра зауыты сатылып кетті.

Алайда кәсіпорынның активтерін кім сатып алғаны әлі белгісіз. Бұл жайлы Ratel.kz хабарлады.

АТФ Банк "Шымкент сыра зауыты" ЖШС-нің активтері 19 қаңтар күні сатылғанын мәлімдеді. Бірақ кімге кеткені белгілі. Банк кәсіпорынның жапы акциясын 28 млрд теңге бағалаған.

Жақында Jysan банк АТФ Банкті сатып алып, 20 пайыз акциясын Ғалымжан Есеновке берген еді.

Айта кеткен жөн, шымкенттік кәсіпкер Тоқтар Төлешев мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды, қылмыстық топ құрып, адам өлтірді деген айыппен 2016 жылы 21 жылға бас бостандығынан айырылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61