Bugin
Қартаюға әсер ететін ген анықталды
Қытайлық зерттеушілер ағзаның қартаюына жауап беретін генді анықтады.
Әңгіме жасушаның қартаюын реттейтін kat7 генетикалық тізбегі жайында. Ғалымдар kat7 геніне әсер ете отырып, тышқандарға тәжірибе жасады. Тәжірибе оң нәтижесін берді. Сарапшылардың айтуы бойынша терапиядан өткен кеміргіштердің өмір сүру ұзақтығы мен белсенділігі 25%-ға артқан.
Бұл экспериментті енді приматтарға жасау көзделіп өтыр. Егер эксперимент сәтті өтетін болса, ғалымдар келесі кезекте тәжірибенің адам ағзасына әсерін зерттейтін болады. Алайда бұл терапияның адам ағзасына 100% қауіпсіз екеніне сенімді болған кезде ғана жасамақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Стэндфорд университетінің ғалымдары миды жасартудың әдісін ойлап тапқан болатын. Ол үшін макрофагтардың өміршеңдігіне ықпал ету керек.