Саясат

Орыс саясаткері: Байден Қазақстанды Ресейден бөліп алғысы келеді

Жақтастарды ұстап тұру қиын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Джо Байден бұрынғы кеңес елдерін Ресейден алшақтату саясатын күшейтеді. Мұны Ресейдің Ақпараттық саясат федерациясының кеңес комиссиясы төрағасы Алексей Пушков айтты.

Сенатор "Вечерняя Москва" газетіне сұхбат беру кезінде Америка Құрама Штаттары Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан мен Арменияға назарын күшейтіп, мақсатты саясат жүргізуі мүмкін деді.

"Бұл бізге қиын болары анық. 2014 жылғы Еуропа картасына сызат түсіп, бізге қауіп төндірмек. Әсіресе, жақтастарымызды ұстап қалуға көп күш жұмсауға тура келеді", - дейді Пушков.

Сондай-ақ саясаткердің айтуынша, АҚШ көрші Украинаға әскери қолдау көрсетуге бар күшін салады.

"Вашингтон Киевпен әскери байланысын нығайтады. Теңіз әскери базасын салуы да мүмкін. Шабуыл қаруларын ұсынып, НАТО-ның бейресми мүшесіне айналдырмақ", - дейді ол.