Қоғам

43 мың қазақстандық Ресей азаматы атанды

Ресейде жаңа рекорд тіркелді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде 15 жыл бұрынғы рекорд жаңарды. 2020 жылғы есеп бойынша 656 мың шетелдік Ресей азаматтығын алған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Известия басылымының мәліметінше, олардың ішінде ең көбі украиналықтар - 62,4 пайыз. Сонымен қатар, ресейлік құжат Тәжікстанның 63 мың азаматына және 43 мың қазақстандыққа берілген. 

Одан бөлек, Ресей азаматтығын алғандар тізімінде немістер, америкалықтар, ұлыбританиялықтар, канадалықтар және жеті швейцариялық азамат пен бір жапониялық азамат бар. 

Бұған дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін Қазақстаннан тұрақты тұруға немесе студенттік визамен 21 069 адам кеткенін хабарлаған болатын. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61