Әлем жаңалықтары

Маск маймыл миына чип орнатты

Маймыдар енді бейнеойындар ойнай алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Илон Маск Neuralink маймылдың миына "ой күші" арқылы бейнеойындар ойнауға мүмкіндік беретін чипті сәтті орнатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Daily Mail-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Миллиардер чипті миға орнатудың мақсаты – ми мен жұлын жарақатының салдарын жою және оның көмегімен жоғалған қабілеттерді қалпына келтіру екенін атап өтті. Оның айтуынша, чип кішкентай сымдары бар фтитнес-білезік тәрізді.

"Бізде бас сүйегінде кішкентай сымдармен имплант орнатылған маймыл бар. Ол санасы арқылы бейнеойын ойнай алады. Импланттың қай жерде екені көрінбейді. Бізде маймылдарға өте жақсы жағдай жасалған. Олар бір-бірімен пинг-понг ойнағанын қалаймыз", - деді Маск.

Миллиардер чип орнатылған маймылдардың видеосы жақын арада шығады деп уәде берді.

Жалпы Neuralink стартапын 2017 жылы ашылған. Ол ми чиптерін әзірлейді. 2019 жылдың шілдесінде компания презентация өткізіп, онда ми мен компьютер арасындағы байланыс үшін чип жасаудың алғашқы қадамдары туралы айтылған.