Bugin
Дәрі-дәрмек, биологиялық қару шығаруға пайдалануы мүмкін
Вашингтон билігі Қытайды ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірді деп айыптады. АҚШ үкіметі қытайдың ұзақ жыл бойы америка азаматтарының медициналық дерегін жинастырып, барлау жүргізген. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Interfax-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Америка ұлттық кибербарлау және қауіпсіздік (NCSC) орталығының мәліметінше, Қытай билігі COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық деректерді жинастыру жұмысын күшейткен. Америка азаматтарының денсаулық фактілерін жинастыра жүріп, ДНК мәліметтерін де топтастырған көрінеді.
Ведомства атап өткендей, Қытайдың BGI биотехникалық компаниясы ковид пандемиясы кезінде медициналық тестілеуді жиі таратып, әлем елдерінің көбіне табыстап шыққан. Тестілеу арқылы меддеректерді жинастырған көрінеді. Соның арқасында 18 тәжірибе зертханасын жасақтап, деректерді өңдеуге кіріскен.
"Қытай Халық Республикасы барынша көп геном дерегі мен түрлі популяция іріктемесін жинау арқылы коммерциялық мақсатта дәрі-дәрмек пен медициналық қару жасауға, жасанды интеллект пен дәлелді медицина құралдарын жасақтауға болатынын жақсы біледі", - деді делінген NCSC баяндамасында.
Бұған дейін The Hill басылымы хабарлағандай, былтыр ковид пандемиясы кезінде қытай тарапынан агрессиялы, белсенді әрекеттің көбейгенін ФБР директоры Кристофер Рэй де байқаған. Әсіресе, COVID, вакцина, емдеу тәсілі мен тестілеу технологиясы саласында зерттеулерін күшейткен көрінеді.
Айта кеткен жөн, Қытай үкіметі жақында Белоруссия мен Пәкістанға гуманитарлық көмек ретінде вакцина жіберген болатын. Сондай-ақ, вакцинаға мұқтаж басқа елдерге де көмек қолын созуға әзір.