Қоғам

Суреттегідей бетперде кимеңіз!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Адам дүниеден өткенде ақтық сапарға шығарып салуға қанша адам келсе, сол жасқа дейінгі қасықтап жинаған беделі, адамгершілігі, абырайы содан білінеді. Жаман айтпай жақсы жоқ дейді ғой. Аздап қорқынышты естілгенімен, ақиқаты сол.

Ал жақсы қасиет дегенге ең маңыздысы, өмір сүріп жүргеннен кейінгі ең қажеттісі ол – мінез. Мінезсіз адамның қандай да бір ортаға сіңіп, «осы кісі - жақсы адам» деген сөзді естуі қиынға соғады. Ал мінезі жайлы адамның жанына жақсы адамдар өздері-ақ үйіріле түседі.

Екінші жақсы қасиет – барыңызға шүкіршілік еткеніңіз. Асып-тасқан, бай болып кеткен жандардың басым бөлігі танауын көкке көтеріп, өткенін ұмытып кетіп жатады. Жағдайыңыздың бар болғаны жақсы. Дегенмен сол деңгейге жеткеннен кейін артыңызға қарап, «шүкір» деуді ұмытпаңыз.

Ата-ананың баққанын, бар тапқанын сіздің үстіңізге жапқанын естен шығармаңыз. Бұл жағдайда сіз үшін жанын беруге дайын жандарды қадірлей біліңіз дер едім. Қандай-да бір жанның қадіріне жете білу де жақсы қасиет. Бүгінде туған ата-анасын түрлі себеппен қарттар үйіне өткізіп жіберіп жатады, тіпті себеп деп айтуға ұят. Ол жандардың жұмақтың төрінен орын табуы екіталай. Өйткені жұмақ ананың табанының астында емес-пе?!  Ал әкенің асқар тау екені бәрімізге белгілі.

«Қарғыс алма, алғыс ал» деген сөз орынды айтылған. Қоғамдық көлікте орын беру, көшеде үлкен кісінің заттарын көтерісу, жол сұраған жолаушының адаспауына себепші болу. Бұның барлығы адамгершілік. Иә, алдында атап өткен адамгершілік те жақсы қасиеттің бір бөлшегі.

Айта берсек, жақсы қасиеттің шегі жоқ. Дегенмен ең басты қасиеттерді біліп, аталған дүниелерге сай өмір сүрсеңіз, бұның өзі бір ғанибет. Суреттегідей бетперде кимегеніңіз абзал.