Әлем жаңалықтары

Қытай компаниясы АҚШ-ты сотқа берді

АҚШ Қытайдың тоғыз компаниясын қара тізімге енгізген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Xiaomi қара тізімнен шығу үшін АҚШ Қорғаныс министрлігіне және Қаржы министрлігіне қарсы іс қозғады. Компания қара тізімге Қытайдың қарулы күштерімен байланысы бар деген күдікпен енген болатын.

Бұл туралы Bugin.kz платформасы CNBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Xiaomi-дің мәлімдеуінше, Қытайдың қара тізімге енуі “конституцияға қайшы келеді, себебі компанияны еркіндік және меншік құқығынан айырады” әрі АҚШ Конституциясындағы Бесінші түзетуге нұқсан келтіреді.

Сонымен қатар қытайлық компания “инвесторлардың акцияларды сатып алуына тыйым салу оған орны толмас зиян әкеледі” деп мәлімдейді.

“Xiaomi-ді АҚШ-тың капитал нарығынан оқшаулау, түрлі шектеулер енгізу компанияның бизнесін жүргізуіне, дамыту, қаржыландыру, өнімді сату, қолдау, іскерлік қарым-қатынасты дамыту, қызметкерлерді жалдау сынды қарым-қабілеттеріне зиян келтіреді”, - делінген компанияның сотқа берген ісінде.

Айта кетейік, қаңтарда Дональд Трамп әкімшілігі Қытайдың 9 компаниясын қара тізімге енгізген. Олардың қатарында ұшақ өндіруші Comac және телефон өндіруші Xiaomi компаниялары кірді. Жаңа инвестициялық тыйымға сәйкес, АҚШ инвесторлары фирмалар активтерінен 2021 жылдың қарашасына дейін құтылуы керек деп хабарланды

Фото: slon.fr