Спорт
Әлемдік Олимпиада комитетінің призиденті Томас Бах осы жылы олимпиада көрерменсіз өтуі мүмкін екенін айтты
Бұл туралы Bugin.kz платформасы жапондық «Kyodo news» сайтына сілтеп хабарлайды. Осыған дейін Томас Бах өз сөзінде Олимпиадағы көрермен саны қысқартылады деген.Сондай-ақ, Комитет президенті 206 Ұлттық Комитеттің Олимпиада ойындарына қатысуға дайын екенін жеткізді.
Ал Жапония тұрғындары Олимпиада және Параолимпиада ойындарын өткізуге қарсы екені туралы хабарлады. Мұны «Kyodo АА» сауалнамасы дәлелдейді. Оған сәйкес респонденттердің 80 пайызы ойындарды кейінге қалдыруды жақтаған.
Бірақ Томас Бах сұхбатында "23 шілдеде өтетін олимпиадаға ешқандай кедергі жоқ" екенін айтты. «Сондықтан бізде Б жоспары жоқ, біз ойындарды қауіпсіз және сәтті өткізуге дайынбыз», - деп қосты ол.
Олимпиадалық алау эстафетасы наурыз айының соңына жоспарланған. Оған 10 000 адам қатысады. Олар алауды 23 шілдеде ашылу салтанатына апарады.
Естеріңізге сала кетейік, 30 наурызда Жапония олимпиаданы өткізу күнін ауыстыратынын жариялады. Ойындар 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. Ал паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.