Bugin
Жаңа қаулы өзге елдің жүргізушілері мен шетелдік көлік тізгіндегендер үшін жарамсыз
Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізушілердің көлік жүргізу кәулігі мен техпаспортсыз жүруіне рұқсат етті. Заң 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап қоладынысқа енеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Akorda.kz-ке сілтеп хабарлайды.
Ендігі кезекте полицейлер жүргізуші құжаттарын қызметтік база арқылы тексере алады. Жүргізушінің өзімен бірге жеке куәлігі болса жеткілікті.
«Енді көлік тізгіндегенде өзіңізбен бірге жүргізуші куәлігі мен техникалық паспортты алып жүру міндетті емес. Бұл елімізде жүргізіліп жатқан цифрландырудың нәтижесі» деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.