Спорт
Былтыр өтпей қалған Токиодағы Олимпиаданың логотипі биыл тағы өзгертілді. Бұл жолы дизайнер ерекше қадамға барған
2020 жылы өтуі керек болған Олимпиада коронавирусқа байланысты кейінге шегерілген еді. Жазғы Олимпиада осы жылдың шілдесінде өтетін болады. Логотипті әлеуметтік желі қолданушылары ерекше бағалаған еді. Соған байланысты былтыр жасалынған логотип өзгертілмейтіні айтылған.
Көптің көңілінен шыққан былтырғы логотип төмендегідей:
Фото: pikabu.ru
Логотип дизайнері Дарен Ньюман болатын. Бұл жолы да ол үлкен дизайнерлік шешімге барған. Осы жылы бұл логотип алғашқы нұсқаны сақтай отырып былай өзгерді:
Фото: pikabu.ru
Айта кетейік, әлемдік Олимпиада Комитетінің президенті Томас Бах Kyodo news-қа берген сұхбатында Олимпиада уақыты енді өзгертілмейтінін айтты. Жазғы Олимпиада ойындары осы жылы 23 шілдеде басталып, 8 тамызда аяқталады.
Дидар Сұлтанбекқызы