Экономика

Айдархан Құсайынов: Зейнетақы жинағы таратылса да тұрғын үй қымбаттамайды

Билік әлеуметтік теңсіздікті ушықтырып алады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық экономист Айдархан Құсайыновтың айтуынша, қазақстан үкіметі зейнетақыны шешіп алуға рұқсат беру арқылы елдің әлеуметтік жағдайын одан әрі ушықтырғалы отыр. Мұны ол ИАЦ МГУ басылымына берген сұхбатында ашып айтты.

Экономисттің айтуынша, Қазақстанның көлеңкелі экономика, әлеуметтік теңсіздік сынды мәселесін шешіп алмай, зейнетақыға ауыз салуы - ақымақтық. Зейнетақы жарнасын пайдалану арқылы елдің әл-ауқатын жақсартамын деп, әлеуметтік теңсіздікті ушықтырып алады.

"Ауқатты азаматта көп зейнетақы, ал кедейде аз болатыны түсінікті. Ал зейнетақы жарнасын қолдануға рұқсат беру арқылы үкімет әлеуметтік жағдайы нашар азаматтарға емес, ауқатты азаматтарға ғана көмектесейін деп тұр. Билікті жек көру, сынау мен сөгу содан басталады", - дейді Құсайынов.

Ал "аталмыш бағдарлама тұрғын үй нарығына қалай әсер етпек?" деген сауалға экономист "нарыққа мол қаржы құйылады деп дәмеленудің қажеті жоқ" дегенді алға тартады.

"Тұрғын үй нарығы онсыз да қымбаттап-қымбаттап жарылудың аз-ақ алдында тұр. Алайда зейнетақы жарнасының айналымға шығыралғанымен, тұрғын үй бағасы одан әрі қымбаттайды деп ойламаймын. Өйткені зейнетақы жарнасын шешіп алғысы келетін азаматтардың көбінде тұрғын үй алуға қаржысы жетпейді. Тұрғын үй қымбаттайды деп бәрі даурығып жүргені рас. Алайда бұл құр сөз ғана. Қымбаттаса да, баға көпке көтерілмейді. Сатушылар басында бағаны қымбаттатып қойғанымен, жарты жылдан кейін қалыпты бағасына түсіреді. 2014 және 2016 жылдары да сондай болған. Баға шарықтағанымен, тұрғын үй сатылмай қалды. Содан сатушылар да бағаны азайтуға мәжбүр болды", - дейді экономист.

Маманның айтуынша, зейнетақы қорынан шешіліп алынған қаржының көбі шетелге кетуі мүмкін.

"Өйткені ауқатты азаматтар қаржыны теңгемен емес, шетелдік валютамен сақтайтыны белгілі. Олар алған қаржысын теңгемен ұстамай, долларға айырбастайды", - дейді Құсайынов.