Қоғам

Алматыда қанша медицина қызметкеріне вакцина салынды?

Бүгінде вакцина салдырған медицина қызметкерінің саны - 540

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда қанша медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпанда 360 медицина қызметкері вакцина салдырған. 

"Бүгінде вакцина салдырған медицина қызметкерінің саны - 540. Күннің соңына дейін вакцина салдырғандар саны артады", - деді басқарманың ресми өкілі Татьяна Лисицкая.

Ведомство мәліметінше, медицина қызметкерлеріне ай соңына дейін вакцина салынады. Оның ішінде:

  • жұқпалы аурулар ауруханасының;
  • жедел жәрдем;
  • реанимация;
  • қабылдау бөлмесі;
  • санэпидқызмет қызметкерлері.