Денсаулық

Мемлекет жасамағанды әлеуметтік желілер жасап жатыр

Денсаулық сақтау министірі Алексей Цойға үндеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ХХІ ғасыр – телефон, ғаламтор, әлеуметтік желіге байланған заман. 24 сағатымыздың жартысын осы құрылғылармен өткіземіз. Бірақ соңғы күні желінің шырайын кетірген жазбалар мен посттар толып кетті. Нақтырақ қандайда бір әлеуметтік желінің жазбаларын ашып қалсақ, қазір ауырып жатырған сәбилер немесе үлкен кісілер және астына банк карточкасымен салынған постты байқаймыз. Жүректі ауыртатын, көңілді мұң ететін видео жазбалары тағы бар. Әрине өмір сүру керек, сол үшін барынша халықтан көмек сұраған кейпі ретінде осы жазбаларды шығарып жатады. Тіпті соңғы күндері ауырған адамдардың жазбаларынан көз ашпай, көптігін байқадым. Оны салған адамдарға өкпе артпаймын. Бірақ біздің үкімет неге осы посттарды көрмейді. Жымқырылған ақша, игерілмей қалған теңгелер, жиі естігенімізбен, осы сәбилердің, аналардың ауруын емдеп отырған үкіметті байқамаймыз. Жалпы Қазақстанда 19 миллион халық болса жоқ дегенде 5/1-і ауыратын шығар. Толықтай ауру мемлекет емеспіз ғой. Не үшін мемлекет осы азғантай ауырып жатқан адамдардың отасына көмектеспейді? Не үшін ол адамдар әлеуметтік желіге көмек постын салып қаражат сұрап жатады? Вакцинацияға 55 млрд ақша бөлініпті. Мүмкін дұрыс шығар. Бірақ болмайтын флешмоб, жиналыс, жиынға бөлінген ақшалар неге денсаулығы шектеулі адамдарға бөлінбейді. Не үшін қара халық әлеуметтік желі арқылы ақша жинап ауыратын адамдарға көмектеседі? Не үшін мемлекет бұл мәселені қолына алмайды? Ел болып егемендік алғанымызға 30 жыл болды ғой. Әлде өз халқының денсаулығы мемлекетке ұсақ-түйек па екен? Денсаулық сақтау министірі Алексей Цой бұл жағдайларға көңілін бөледі ме екен?

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61