Білім және ғылым
Бүгінгі жастардың білімге құштарлығы көңіл қуантады. Көпшілігі ағылшын тілін үйренуге ден қойған жан. Біразы ақылы курсқа барып үйренсе, енді бірі өз бетінше білім алып жатыр. Ендеше ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады? Курсқа қатыспай еркін сөйлеуге ғаламтордың берер пайдасы қандай? Ағылшын тілін меңгеруге көмекші қандай сайттар бар?
Алдымен тіл үйренудегі мақсатыңызды айқындаңыз. Себебі мақсатыңызды орындау үшін жасалған қадамдар нәтижелі болады. Нәтижеге жету үшін ағылшынға арнайы уақыт бөліңіз. Мысалы күнде 30 минут бөліп отырсаңыз, белгілі деңгейге жетесіз. Қате сөйлеп қате айтудан қорықпаңыз. Әлде қай сайттан оқып, қалай үйренуді білмей жүрсіз бе? Онда назарыңызға пайдалы сайттар мен ақпараттар ұсынамын.
Егер, сіз тіл үйретушімен бірге үйренгіңіз келсе «mylanguageexchange.com» сайтына кіріңіз.
Алдымен күнделікті өмірге керекті сөздерді жаттаудан бастаңыз. Ал ол үшін «Сambridge» онлайн-сөздікке жүгініңіз
Тағы «Learn English with Ronnie» YouTube-арнасынан күнделікті қажетті сөздерді оңай табасыз
«Ororo.tv» – фильмдер мен сериалдар көру арқылы ағылшын тілін үйренесіз.
Ағылшын тілін меңгеру үшін тек сөздік жаттап шектелуге болмайды. Осы жерде ұсынылған сайттарға кіріп көріңіз. Кәдеңізге жарап тіл үйренудегі көмекшіңіз болады.