Bugin
Өмір алма-кезек. Қуанышы мен қайғысы, жаманы мен жақсысы, ақ пен қарасы қатар жүреді. Бұл жай ғана өмір заңы. Осы заңдардын біреуі болмаса өмірдің мәні де кетер еді!
Жақсы өмір айтыңдаршы, қайда бар?
Барлығы да бір уайымға байланар.
Жақын адам болса егер бөтенің,
Бөтен адам жақыныңа айналар.
Өмір солай,қаламассың, қаларсың,
Біреуге жақпай, ал біреуге жағарсың.
Кейбіреудің болсаң егер қайғысы,
Ал біреуге қуанышы боларсың.
Бақытты өмір деп айтарсың баршаға,
Білмей жүрсең, бақыт жай бір сәт қана.
Түсінбейсің қаласаңда түсінгің,
Бұл өмірдің заңы солай жай ғана.
Ақ пен қара кезек-кезек болатын,
Кейде қайғы, кейде бақыт қонатын.
Өмір солай, алма-кезек барлығы,
Кейде терлеп, ал бір кезде тонатын.
@dakenti.kz