Bugin

Бекболат Қаржан: Орыс жанталасып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің ақпарат бойынша Федерация кеңесі комиссиясының төрағасы, сенатор Алексей Пушков посткеңестік елдердің ішіндегі өзара саяси бәсекелестіктің артып бара жатқанына алаңдап, Кремльге қарата қағытпа жасады. "

"АҚШ-тың президент тағына Байденнің келгені бұл бәсекелестікті арттырып, посткеңестік елдерде Ресейге қарсы сепаратисттік пиғылдағы топтардың жұмыс жасауы күшеюі мүмкін" деді Пушков. АҚШ президенті Байденнің "посткеңестік елдерге ықпал жасап, өртті тұтандыруын" да атап өтті. Соның ішінде Қазақстанды жеке сөз қылды. "АҚШ-тың назары Беларуське, Қазақстанға ерекше түсіп отырғанын" айтты. 

Бүгін Ресей өкіметі жалпыхалықтық наразылыққа қарамай, саясаткер Навальныйды 3,5 жыл түрмеге тоғытты. Ресейде қазір жалпыхалықтық ереуілдер мен демонстрациялардың ошақтары қалыптасып болды. Соңы революцияға ұласуы мүмкін деген болжам да жоқ емес. Бұл ереуілдер АҚШ-тың жамбасына жатық келіп тұрғаны айдан анық. АҚШ-тың "Солтүстік ағын-2" стратегиялық жобасына салынған санкциясының кесірінен 120 шетелдік мердігер компаниялар алып проектіге қатысудан еріксіз бас тартып отыр. АҚШ мұнымен тоқтамай, Еуроодақтың елдерін келісімге шақырып, Ресейге қарсы ортақ күшке бірігуге үндеп жатыр. 

Осы жағдайларға шамданған ресейлік депутаттар мен әртүрлі тараптағы федерация кеңестерінің басшылары жанталасып, Кремльге қарап базына айтуды бастап кетті. Навальныйдың қамауға алынуы Путиннің ең үлкен қателігі болуы мүмкін.