Қоғам
Қазақстандағы ең ауқатты адамдардың бірі, миллиардер Алиджан Ибрагимов 67 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы 24.kg сайтына сілтеп хабарлайды.
Кәсіпкердің өліміне не себеп болғаны әлі нақты белгісіз. Дегенмен соңғы деректер бойынша ұзақ уақытттан бері денсаулығы сыр беріп, ауыр халде жатқан.
Өзбекстанның Ферғана облысында дүниеге келген Алиджан Ибрагимов Қырғызстанның Тоқмақ қаласында тұрған. Сондықтан оның "Тоқмақ графы" деген лақап аты бар.
Ибрагимов Қазақстанда түрлі-түсті және сирек металл өндіретін «Eurasian Resources Group» корпорациясының ірі үлескері. «Еуразиялық банк» АҚ-ның президенті. Forbes.kz журналының мәліметінше, Ибрагимовтың байлығы 900 млн доллар. Ол елдегі ең бай адамдардың тізімінде бесінші орында тұр.