Hi-Tech

Жасанды сана адамды жеңе алмады

Жасанды сана адамның ойлау жүйесінен әлсіз екенін киберспортшылар дәлелдеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Канаданың Ванкувер қаласында өткен «Dota 2 The International 2018» әлемдік киберспорт бәсекесінде жасанды санаға қарсы ойын көрсеткен ойыншылар жеңіске жетті.

 

Илон Маск бастаған Сэм Альтман және басқа да IT саласының мүшелері қаржыландырған OpenAi коммерциялық емес орталығының жасанды сана бойынша құрастырылған алгоритмдері жеңілді.

 

Айта кету керек, жасанды санамен күрескен киберспорт мүшелері қарсыластарының шынымен де мықты әрі ойлау жүйелерінің өте тез дамығанын айтады. Дегенмен уақыт көрсетеді. Жеңіске жеткен тараптың қатысуымен тағы бір тәжірибе ұйымдастырылады. Егер жасанды сана сол кезде жеңіске жететін болса, әлемде үлкен өзгеріс болары анық.