Саясат

Биылғы жолдау, бұрынғы жолдаудан өзгерек

Елбасының «Қазақстан халқына жолдауында» айтылған негізгі мәселелер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл сайын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауын» жолдайды. Жолдау елдің саяси тұрақтылығына, экономикасы мен әлеуметтік мәселелеріне негізделеді. Биылғы жолдау несімен ерекшеленді?

 

Жыл сайын жолдаудың тек халыққа қаратылып жолданатына үйреніп қалған болсақ, биыл мүлде басқаша болды. Елбасы жолдауды оқып, оны түсіндіріп қана қойған жоқ, жиналыс түрінде өткізе отырып, басшылықта отырған министрлерден бастап, әкімдерге дейін сынның астына алды.

Экономика министрі Тимур Сүлейменовке: «Үкімет 28 мектепке ақша бөледі. Неліктен әкім мектептерге талаптарын қояды? Ал Ұлттық экономика министрлігі бұл жайлы білмейді. Мектеп құрылысына араласқан жоқ. Оның қай жақта екенін де білмейді. Сен қай жаққа ақшаның жетпей жатқаны білуің тиіс. Үш ауысыммен жұмыс істеп жүргендерге ақша бермейсің, оны керісінше ақшасы артылып жатқан нысанға бересің. Мұны қалай түсінуге болады, мен әр министр үшін өзім жұмыс істеуім керек пе? », деп сын артты.

Тек бұл ғана емес, жолдау барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдеріне жемқор шенеуніктерді ұстауды қатаң тапсырды.

Әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру және оны жүзеге асыру барысында, Елбасы елдегі ең төменгі жалақыны бір жарым есеге көтеруді міндеттеді. Яғни 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы көрсеткіші 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге көтеріледі.

Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді", - деді Президент. 

 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61