Әлем жаңалықтары

"Келесі кім?": Безос орнын босатады

Әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Amazon бас директоры қызметінен кетеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Forbes мәліметі бойынша әлемдегі ең бай адам Джефф Безос Amazon компаниясының бас директоры қызметінен кетемін деген шешім қабылдады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Алайда Безос жаңа лауазымға тағайындалды. Ол енді Amazon компаниясының атқарушы төрағасы болады. Жаңа бас директор ретінде Amazon Web Services қызметін басқарып жүрген Энди Ясси боладыы. Кадрлық өзгерістер 2021 жылдың екінші жартыжылдығында өтеді.

"Мәңгілікке кетемін деген әңгіме жоқ. Атқарушы төраға бола отырып, мен Amazon-ның маңызды бастамаларына қатысуды жалғастырамын", - деді 57 жастағы кәсіпкер.

Сондай-ақ, былтыр компанияның акциялары шамамен 69%-ға өскен.

Безос 1995 жылы Amazon құрылғаннан бері компаниясның бас директоры болды. Ол интернеттегі қарапайым кітап дүкенін 1,7 триллион долларлық айналымы бар әлемдік бөлшек сауда және логистика алпауытына дейін өсірді. Осы арқылы Безос әлемдегі ең бай адам атанды.