Bugin

Досым Сатпаев: Қазақстанды кедейлік жайлап барады

Билік қулыққа басып отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресми деректерге көз жүгіртсек, Қазақстандағы кедейлердің саны 1 миллионға жуық. Алайда билік сандарды ойнатып, әлеуметтік жағдайдың шын бет-бейнесін ашпай отыр. Бұл жайлы қазақстандық саясаткер Досым Сатпаев жазды.

Саясаткердің айтуынша, қазақстан билігі кедейлердің шынайы санын жасыру үшін ең төменгі жалақы мен ең төменгі күнкөріс есебін барынша аз көрсетіп, тұрмысы төмен азаматтарының санын әдейі төмендетіп отыр. Өйткені билік кедейшілік санын нақты көрсетер болса, онда қоғамдық наразылық туып, әлеуметтік қауымдастық арасында беделі түсері анық. Сондай-ақ, 30 елдің қатарына қосыламыз деген жетістік сағым боп қалмақ.  

Оның үстіне, кедей көбейсе, әлеуметтік салаға бөлінер бюджет қаржысы да көбейтілуі тиіс.

"Ал біздің шенеуніктер мұндай әрекетке баруға құлық танытпайды", - дейді Сатпаев.

Дүниежүзілік банктің есебінше, қазақстан халқының 12-14%-ы кедей. Бұл дерекке сүйенсек, елдегі кедейлерді саны 2 млн адам болып шыға келмек. Бұл – қазақстан билігі көрсетіп отырғаннан екі есе көп.

Дүниежүзілік банктің көрсеткішіне сәйкес, күніне $5,5 ақшадан аз табанындар кедейлер қатарына енуі тиіс. Бұл сома біздің көрсеткішпен айына 70 000 теңге боп шығады. Яғни, айлығы 70 000 теңгеден аз азаматтардың барлығы кедей боп саналады.

"Ал біздің билік ең төменгі күнкөріс сомасын 34 200 теңге деп бекітті. Яғни, 42 500 теңге алған азамат, біздің шенеуніктердің көзімен қарағанда, кедей емес, орта тап. Ал 70 000 теңге айлығы барлар мүлдем "бақытты ғұмыр" кешіп жатқандар", - дейді саясаткер.

Маманның айтуынша, егер Еуропада елдерінің өлшемімен алсақ, онда ең төменгі жалақы 42500 теңге де емес, 70 000 теңге де емес, 100 000 теңге болуы тиіс. Өйткені Еуропада тұтынушы кәрзеңкесіне 250-300 азық-түлік сыяды, ал бізде – 40 азық түлік қана!