Қоғам

Арақ қымбаттап жатса да, өндіріс кемір емес

Литрі 4000 теңге

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандықтар 2020 жылы арақ өнімдерін бұрынғыдан да көбірек пайдаланған. Өткен жылы арақ сатылымы мен ликерлі-арақ өнімдерінің өндірісі 20 пайызға артқаны белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Зерттеу бойынша, 2020 жылдың қаңтар мен желтоқсан айы аралығында арақ өндірісі 2019 жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан.

Ал 2019 жылғы көрсеткішті алып қарасақ, 2018 жылы бұл көрсеткіш (өндіріс көлемі) 38,7 пайызға азайған еді.

Holanews хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанның 17 өңірінің 6-да арақ өндірісі жолға қойылған. Әсіресе Ақмола облысында басқа өңірлерден қарағанда (7,5 млн литр) көбірек өндіріледі. Одан кейінгі орындарда Солтүстік Қазақстан (5,6 млн литр) мен Алматы облысы (3,7 млн литр) тұр. Одан соң Шымкент қаласы (845 мың литр) орналасқан. Одан бөлек Алматы мен Ақтөбе облыстарында 4,6 млн литр арақ шығарылады.

Бөлшектеп сатқан кезде елде арақтың бір литрінің орташа бағасы 3203 теңгені көрсетіп тұр.

Ең қымбат арақтар ірі қалалар мен мегаполистерде сатылады. Елордада арақтың литрінің орташа бағасы 3962 теңге. Бағаның қымбаттығы жағынан одан кейін орындарда Атырау (литрі 3931 тг ) мен Ақтау (литрі 3578 тг) тұр. Ең арзан арақ Семей (литрі 2698 тг), Өскемен (литрі 2702 тг) және Таразда (литріне 2736 тг) екен. Арақ Қазақстаның барлық аймағында қымбаттаған. Бұл фактор әсіресе Қызылорда және Көкшетау, Қарағанды қалаларында байқалады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61