Bugin

Латвия ресей арналарын көрсетуге тыйым салды

Оның орнына украин және латыш каналдары болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Латвиядағы ресей телеарналарын көрсетумен айналысатын Tet кабельді оператор қызметі жұмысын тоқтатты. Бұл жайлы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"Tet компаниясы ПБК, "НТВ Мир", "Рен ТВ Балтия", "Кинокомедия" және "Киномикс" арналарын транцляциялауды тоқтатады. Ресей арналарын таратуға заңнаманың қандай көзқараста болатынын білмейміз", - делінген хабарламада.

Бұл каналдардың орнына LTV7, 1+2, 3+, Мир, TVCi, UATV, "Здоровое ТВ", Eureka HD, "Пятница", Current Time, TV21 сынды танымдық арналар мен "Дождь" және "Настоящее время" оппозициялық арналары көрсетілмек.