Саясат

Қазақстанда тағы бір әкім пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді

Алматы облысы Талғар ауданы әкімі Серікжан Ерекешевтің жемқорлық айыбымен ұсталғаны расталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл ақпаратты жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің ресми жауабына сүйенген zakon.kz сайты хабарлады. Сайт редакциясына келген агенттіктің ресми жауабында Талғар ауданының әкімін қамауға алуға тергеу соты санкция бергені айтылған.

"Алматы облысы бойынша жемқорлықпен күрес іс-қимыл қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкімін қамауға алуға тергеу соты санкция берген. Сотқа дейінгі тергеу амалдарына қатысты өзге деректер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды" делінген агенттік жауабында.

Бұған дейін бірнеше БАҚ Серікжан Ерекешевтің және оның айналасындағы тағы екі шенеуніктің ұсталғанын бірнеше мәрте жазған. Алай ол кезде ресми орындар ақпаратты растамаған еді.