Қоғам
Америкада Техас деген штат бар. Көбінесе біздің шымкенттіктерді сол жақпен байланыстырады. Шынында да Америкадағы Техас та Калифорниядан соң екінші халқы тығыз өлке
Америкада Техас деген штат бар. Көбінесе біздің шымкенттіктерді сол жақпен байланыстырады. Шынында да Америкадағы Техас та Калифорниядан соң екінші халқы тығыз өлке. Басқа штаттармен салыстырғанда бала туу көрсеткіші де жоғарырақ. Шымкент сияқты Техас та өмір сүруге арзанырақ қала екен. Шымкентте байқасаңыздар жер үй көп. Техаста да солай екен. Астанада тұрғаныма 7-жыл болса да көршілерді танымаймын. Шымкентте подъездегі адамдар бәріміз таныс, кім кімнің үйіне келіп жатқанын білетінбіз. Қонақжай қала. Осы жағынан да бір-біріне ұқсайды екен.
Шымкент пен Техас оңтүстікте орналасқандықтан олардың мексикалық көршілері болса, біздің өзбекстандық көршіміз бар. Осындай көп ортақ нәрсесі болғаны үшін Шымкент пен Техасты ұқсатады. Негізі ауа райы да мінезге әсер етеді ма деймін. Солтүстіктің халқы біраз суықтау сияқты болса, Оңтүстіктікі жылылау келеді. Жылы келген соң қаны да қызулау болады. Ондай қызу халықты басқару да оңай емес. Көп өңірлерге барсаңыз жергілікті өндірісті табуыңыз қиындау. Шымкент қаласы әкімшілігі аз-маз өндіріске көңіл аударады. Шымкентте болсаңыз жергілікті костюм шалбар, трикотаж өнімдерін, кілем, паластар, майда-шүйде темір-терсек пен пластик ыдыстар сол қаланың өзінен шығып жатады. Дәрі дәрмек, азық түліктің біразы, кәмпит сияқтылар да шығады. Жеке бизнес жасаймын дегендерге қолынан келгенше көмектесетіні байқалады.