Hi-Tech

Бұл жай ғана сым мен шамнан құралған қорап емес

Sony компаниясының Trinitron атты "қораптары" туралы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com


Әлемде күн сайын жаңа технологиялар шығып, даму үстінде. Соның ішінде еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қарайтын теледидар да бар. Қазіргі кезде әр үйде бір емес бірнешеуін байқаймыз. Бірі ұзын, бірі қысқа, тіпті қабырғамен бірдей көгілдір экран.

Латын тілінен аударғанда Televisorium «алыстан көруші» деген мағынаны білдіреді.

Теледидар бірден пайда бола қойған жоқ.1884 жылы неміс өнертапқышы Пауль Нипков «Нивков дискісін» ойлап тапты, бұл механикалық телевиденияның негізі болды. 1930 жылы А.П.Константинов  және 1931 жылы  С.И.Катаев сигналды видео сурет ойлап тапты. Теледидардың негізін 1933 жылы АҚШ-та тұратын 11 сынып  оқушысы Ресей инженері В.К.Зворыкин ең алғаш видеосигналды ойлап тапты. КСРО-дағы ең алғаш  теледидар «КВН-49» 1949 жылы ойлап табылды. 1947 жылы АҚШ-та 180 мыңға жуық теледидар болған. Ал 1953 жылы олардың саны 28 млн-ға жеткен.

Бүгін де әлемде теледидардың қаншама түрін байқаймыз. Соның ішіндеSony компаниясының Trinitron атты технологиясына тоқталсақ.

Әйгілі журналист Эдвард Мэрроу ертеректе теледидарды: «Бұл жай ғана сым мен шамнан құралған қорап емес»,-деп суреттеген еді.Sony компаниясының Trinitron атты "қораптары" 1968 жылы шығарылғанған сәтте, түрлі-түсті теледидарлар да атақты бола бастады.

Осы қолданыстағы түрлі-түсті технологиялардың арқасында Sony Trinitron бірден үлкен сұранысқа ие болды.

Тіпті Эмми жүлдесін алған ең алғашқы Sony компаниясының Trinitron бренді 25 жылда 100 миллионнан астам теледидарын сатылымға шығарған.