Қоғам
Сириядағы азамат соғысына келесі жылы 10 жыл болады. 21 миллионнан астам сириялықтың жартысы үйлерінен көшіп кетті
5.5 миллион сириялық эмигрант болып басқа елге көшті. 3.5 миллионы Түркияда, қалғаны Ливия, Иордания, Египет пен Ирак сияқты елдерде өмір сүріп жатыр. Ең бай Сауд Арабия мен БАӘ сияқты елде емес. Соғыста қайтыс болған адам саны 400-600 мың арасында делінеді. Жараланып мүгедек болғандарының саны 2 миллионнан астам.
Халқының 90%-ы кедей. Әр 5 жанұяның 4-еуі көмекке мұқтаж екен. Экономиканың қанша шығынға батқаны әлі белгісіз. 500-600 миллиард арасында болуы мүмкін делінеді. Мұнай мен газ саласында 70 миллиардтан астам ақша жоғалтты дейді. Үкімет 70% территорияға иелік етеді. Соғыстан халық әбден қажыды. Осы жағдайда да Сирия ұлттық құрамасы Фифа рейтингісінде 76-ыншы орында болса, кей облыстардың спортқа деп бөлген ақшасының 70%-ын жеп қоятын жемқорлар жайлаған біздің ел Фифа рейтингісінде 122-інші орында тұр. Біздің түсімізге кірмеген ойын ойнайды.