Қазақстан жаңалықтары

Үйлі, күйлі бол, қазақ: «Бақытты отбасы» бағдарламасы биыл да жалғасады

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру 2021 жылы жалғасатын болады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылы www.baqytty-otbasy.kz сайты арқылы басқарма жеңілдетілген тұрғын үй заемдарын беру үшін өтініштер мен құжаттарды қабылдау жүргізді. Бүгінгі күні бағдарлама шеңберінде 370 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Олардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар бар. Қазір тағы 15 отбасы қолайлы баспана іздеуде.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаға қатысушыларға бастапқы және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу үшін жеңілдікті тұрғын үй заемдары беріледі», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталуы туралы ақпаратты www.uzh-almaty.kz және «Отбасы банкі» АҚ (ҚТҚЖБ) www.hcsbk.kz сайтында көре аласыз.