Bugin

4 миллион қаралым жинаған "Сыныптас" қалай түсірілді?

Жуырда You tube желісінде "Kak budto" құрамасының «Сыныптас» сериалы жарық көрді. Бірінші бөлімі 4 миллионға жуық қаралым жинап үлгерді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Instagram желісінде өздерінің әзілдерімен танылған жігіттер 6 ай бұрын "Kak budto" құрамасын ашты. Кейін алғашқы туындылары «Сыныптас» шықты. Сериалда мектеп өмірі, екі сынып арасындағы қарым-қатынас суреттеледі.1

Оқиға желісі бойынша 11"а" және 11"б"сыныптары өзара араз болады. Сериал комедия жанрында түсірілді. 

Мектеп туралы өзге сериалдардан ерекшелігі - төбелестің көп болуы. Басты рөлдерде: Жанабай Медет, Тұрсынбай Азамат , Жарилкасинов Манас, Уразбаев Асқар , Қалжан Нұрғиса, Сайлаубек Ғани, Бурханов Ынтымақ.

Бірінші бөлімі қазіргі таңда 4 миллионға жуық қаралым жинап үлгерді. Ал бесінші бөлімі Сауд Арабиясындағы Дубай қаласында түсірілді. Сериалдың жаңа бөлімдерін көрермен ерекше ықыласпен күтуде.