Қоғам
Алматыда жасөспірім қыз "Манхэттен" тұрғын-үй кешенінің 16-қабатынан құлап өлді
Бұл туралы Orda.kz сайты [i]хабарлады. Сайттың жазуынша, оқиға 31 қаңтар күні болған.
Жоғарыда аталған тұрғын-үй кешенінің Азамат есімді тұрғыны жасөспірім қыздың суицид жасағанын айтқан.
"Жексенбі күні сағат 22:00 шамасында "Манхэттен" тұрғын үй кешенінің аумағында біреу 16-қабаттан секіріп кетті. Кейін күзетшіден оның жасөспірім қыз екенін білдім. Менің естуімше, ол қыз ата-анасымен ұрысып, үйінен кетіп қалған. Оған іздеу салынған. Ол мұндай қадамға алдын –ала дайындалған: өлер алында жазып кеткен хаты бар" дейді Азамат есімді тұрғын.
Жасөспірім қыздың суицид жасағанын Алмалы аудандық полиция бөлімі де растады. Құқық қорғау органы бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, алайда іс әлі тергеліп жатқандықтан, өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.
Суицид – елдегі ең өзекті проблемалардың бірі. Қазақстан суицид жөнінен әлем елдерінің арасында ылғи алғашқы ондықта болады.