Қазақстан жаңалықтары

Өрт сөндірушілер жатақханадан екі қызды құтқарып қалды

Оралдағы жатақханадан өрт шықты.Өрт сөндірушілері дер кезінде екі қыз баланы құтқарып қалды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Оралдағы жатақханадан өрт шықты.Өрт сөндірушілері дер кезінде екі қыз баланы құтқарып қалды.

3 ақпан күні сағат таңғы 10:18-де Оралдағы Ақотау көшесінде  жатақханадан жиһаз бен заттар өртенген.Өрт 15 квадрат шаршы метрді құраған.

Өрттен отыз бес адам құтқарылған.Өрт сөндірушілері 5 және 7 жастағы қыз балаларды өрт жалынынан дер кезінде аман қалды.Ал,32 адам эвакуацияланды.

Ер адам жанып жатқан пәтердегі терезеден авто-баспалдақ арқылы шығарылған. Сол жерде ер адамға психологтар шұғыл көмек көрсеткен.Өрт таңғы 10:18 де басталып,11:01 де жойылған. Оқиға орнында 12 техника мен 35 өрт сөндіруші жұмыс істеген.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам көмірқышқыл газынан жеңіл дәрежеде уланған және жалпы қалалық ауруханаға жеткізілген. 5 және 7 жастағы қыздарда  дәрігерлер көмірқышқыл газынан жеңіл дәрежеде улануды анықтады. Олар сонымен қатар,шұғыл медициналық көмекке жеткізілді. Қыз балалар жанып жатқан пәтердің жанындағы бөлмеде болған. Олар сыртынан құлыптаулы,жақын жерде ересек адамдар болмаған. Құтқарушылар есікті бұзып кіруге мәжбүр болған.