Bugin
Бәріне кеңес береді
ҚР Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева вакцина салдыруға ниетті екенін айтты. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Sputnik Казахстанға сілтеме жасап хабарлайды.
Экс-президенттің қызы коронавирус вакцинасын міндетті түрде салдыратынын айтып, барша қазақстандықтарды екпе салдыруды кеңес етті.
"Әрине, салдырамын. Әрі салдыртуға кеңес беремін бәріне. Қазақстан вакцинасы әлі дайын болған жоқ. Сондықтан, әрине, "Спутник V" вакцинасын салдырамын", - деп мәлімдеді Назарбаева.
Айта кеткен жөн, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирус екпесін жаппай салу науқаны басталған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, жылдың соңына дейін 6 млн азаматқа екпе салынбақ.
Оқи отырыңыз