МӘДЕНИЕТ

Білесің бе махаббаттың не екенін?

Ғашықтық жыры

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бақыт бар білесің бе, сүю деген

Одан асқан бақытты мен білмегем.

Сендей жанды сүйіп мен, 

Бұл бақытқа әлдеқашан бөленгем...

 

Ғашық болу, ессіз, сендей адамға,

Көрмеймін сенен жақын жанды басқа.

Бұл сезімді дейді махаббат па,

Маған берген сый ма бұл, әлде  сынақпа.

 

Сүйдім сені, мендегі жалғыз жүрекпен,

Сенде сүй, лаулап тұрсын сезіммен.

Сенеді, жетелейді деп мәңгіге

Саған мендік жүрек үлкен үмітпен.

 

Жақсы көрем сені мен, қайталайын

Мендік сезім айқын ғой, аймалайын.

Сағынады ол күн мен түні білемісің

Бұл жүрек сені іздейді, айналайын.

 

Жанымда бол, өтінемін, қасымда қал

Жүрегімсің өйткені, сөзімді ал.

Айырбастап кетпеші, жалынамын

Сенсіз жүрек әйтпесе соқпай қалар...

"Баршаңызға таусылмас сезім, баянды махаббат тіледім... "(Өлең авторы: Ақшолпан ТҮЗЕЛБАЙ)