Саясат

"Назарбаевты зейнеткерлікке, Дариғаны Лондонға...". Түрмеден шыққан Боқаев алаңға кетті

Бүгін, 4 ақпанда 2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жыл түрмеде отырған атыраулық белсенді Макс Боқаев бостандыққа шықты. Атыраудағы түрмеден шыққан Атыраудағы УГ-157/9 мекемесінен шыққан Боқаевты түрме алдынан ондаған жақтасы, ақпарат құралдары қарсы алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзін күтіп алуға келгендердің алдында сөйлеген белсенді түрмеде жатқанда қолдау көрсеткен Қазақстан халқына, белсенді азаматтарға, халықарылық құқық қорғау ұйымдарына алғысын айтты. Өзінің сөзіне қарағанда, Боқаев алдағы уақытта да қоғамдық жұмысын жалғастыра бермек. 

"Халықтың қолдауы болмаған жағдайда, мені де жоқ қылып жіберетін еді. Тіпті, халықтың қолдауы болмаса, сүйегімді де таба алмай қалатын едіңіздер. Назарбаев тақтан кетсе де, бес милиметр ғана өзгеріс бар. Үлкен өзгеріс жоқ. Сондықтан маған тыйым салса да, қоғамдық жұмыспен айналыса беремін. Менің ұсынысым: 28 ақпанда бүкіл Қазақстан митингіге шығайық. Бұйырса, өзім барамын алаңға. Одан кейін 7, 14 наурыз, жексенбі күндері тағы да митингіге шығайық. Егер үкімет ақылға келіп, біздің сөзімізді тыңдамаса, 3 сәуірден бастап алаңдарға шатыр тігіп, алаңда отырамыз" деді Макс Боқаев. 

Бұған қоса ол билікке қатысты өз дайындаған формуласы бар екенін айтты. Соған сай, Назарбаевты зейнеткерлікке жібермек. 

"Назарбаевты зейнеткерлікке, Дариғаны Лондонға, Қажыгелдин мен Әблязовты астанаға, Бергейді Атырауға, Демпартияны мәжіліске жіберуікерек. Сайлауды қайтадан өткізу керек. Мына салай өтірік сайлау болды. осы талаптарымды орындату үшін 28 ақпаннан бастап әр жексенбі күні алаңға шығамын" деді түрмеден шыққан белсенді. 

Макс Боқаев түрме мерзімі аяқталардан бұрын Азаттық Радиосына берген сұхбатында қамаудан шықға сала бірден алаңға баратынын айтқан. Ол "сол уәдемде тұрамын, қазір Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңына барамын" деді.

48 жастағы Макс Боқаев 2016 жылғы қарашадан бері түрмеде отырған. Бес жыл бұрын Атырауда мыңдаған адам алаңға жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылық білдірген. Атырауда басталған наразылық кейін елдің басқа аймақтарында да жалғасып, билік жерді шетелдіктерге жалға беруге уақытша мораторий жариялаған.