Қоғам

Депутаттар вакцина салдырып жатыр

Олар өздерін жақсы сезінетінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаттары арасында Зарина Камалова, Лариса Павловец және Ғалымжан Елеуов алғаш болып коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Олар жаппай вакцинациялау ұжымдық иммунитетті тезірек қалыптастыруға және қазақстандықтардың өмірін үйреншікті арнаға қайтаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

"Дәрігер ретінде вакцинациялау ғана коронавирусқа қарсы тұра алатынын жақсы түсінемін. Әрине, ешкімге міндеттемейміз. Ал мен екпе жасатамын деп нақты шешім қабылдадым.  Өйткені  туыстарым мен достарымның денсаулығына алаңдаймын", - деді Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов.

Депутаттар вакцина салдырғаннан кейін жағдайы жақсы екенін айтты.

Қалған депутаттарды вакцинациялау наурызда Денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал Мәжіліс төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сол себепттен жеткілікті антиденелері бар екені хабарланды. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61