Денсаулық
Тест арқылы аурудың даму процесін, оның қайталануын бақылай аласыз
ММУ ғалымдары қуықтың қатерлі ісігін тез арада анықтайтын тест әзірледі. Бұл туралы Bugin.kz платформасы aif.ru-ға сілтеп хабарлайды.
Жаңа әдіс арқылы зәрдегі рак клеткаларын бірден анықтай аласыз. Тест жоғары дәлдікке ие. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған күннің өзінде тест оң нәтиже көрсетеді.
Бұрын қан мен зәр арқылы ісік белгілерін анықтау мүмкін болмаған. Бүгінде жаңа технологиялар аурумен күресудің жаңа әдісін қолдануға мүмкіндік берді.