Bugin
Идеологиялық соғыс өтінде
Қазақстанның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашық отырыс өткізді. Отырыс барысында қырғи-қабақ соғысқа ұқсас әлемде саяси идеология соғысы басталғанын атап өтті. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Елбасының айтуынша, қазір әлемде, оның ішінде посткеңестік елдер мен Орталық Азияда жаппай саяси толқу басталды.
"Әлемде не болып жатқанын қараңыз. Биыл посткеңестік елдерде жаппай саяси толқу, мемлекетаралық соғыс пен Орталық Азияда тұрақсыздық басталғанын көрдік. Аймақ тұрақсыз ахуалды кешуде.
Тұрақты елдердің өзінде қоғам мен элита арасындағы қарым-қатынас сызат түскенін байқаймыз. Аналитиктердің болжауынша, әлемде биполярлық (әлемнің екіге бөлінуі) күштер үстемдікке ұмтылуда. Бұл дегеніміз белгілі бір саланың дамуы мен бәсекелестігі жолындағы күрестің идеологиялық соғысқа, қырғи-қабақ алауыздыққа ұласты деген сөз.
Сондықтан біз осы күнге дейін қалыптастырған ішкі тұрақтылықты сақтап қалуымыз керек", - деді Назарбаев.