Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан жанармай құны бойынша 8-орында

1 литр жанармайдың бағасы — 170,2 теңге. Бұл көрсеткіш көрші Түркіменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда арзан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең арзан жанармай құны бойынша Қазақстан 167 елдің арасында сегізінші орынды иеленді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Energyprom.kz-ке cілтеп хабарлайды.

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанында Қазақстанда жанармай бағасы бұрынғыға қарағанда қымбат болған. Мәселен, АИ-95/АИ-96 жанармайы литріне  — 171,3 теңгеге, АИ-98 жанармайы 1,4литріне  — 190,2 теңгеге, АИ-92 жанармайы литріне — 150,6 теңгеге дейін қымбаттады.

2020 жылдың он бір айлық қорытындысы бойынша отандық компаниялар сұранысты толық қамтамасыз етті. Экспорт 11,7 пайызды құрады. Қазақстан сыртқы нарыққа 476,7 мың тонна жанармай жіберді.

Қазақстан жанармайын негізгі импорттаушы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан болды. Әлемнің қалған елдері экспорттың 60,7 пайызын құрады. Олардың ішінде негізгі импорттаушы — Ауғанстан, Грузия және Нидерланды.