Weekend

Айдың иесі кім?

Осы бір ғарыш бөлігі адамдар арасында да талан-таражға түсуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде, "Аспандағы айды алып берер едім" деген тіркес шындыққа айналғандай. Жер бетінің кең жазықтығына қолыңыз жетпей жүрсе, ғарыштан баспана салуға қамдана беріңіз. Қазір мүмкін болмаса да, ұрпақтарыңыздың кәдесіне жарап қалуы әбден мүмкін. 

Өткен мақаламда жер серігінің халық философиясындағы рөлі мен оның аумағына тән заңдық шектеулерге тоқталсам, бүгін айды сатумен айналысқан азаматтар бизнесінің сырымен бөліспекпін. 

Ия, қате түсінген жоқсыз. Жерге жақын орналасқан  осы бір ғарыш бөлігі адамдар арасында да талан-таражға түсуде. 

Әлемде,  АҚШ-тық азамат Деннис Хоуп айдың заңды иесі деп танылған. Бұл құзіреттілік азаматқа Калифорния штаты атынан 1980 жылы берілген. Аталған заңнамаға 6 ел қол қойып, БҰҰ 113 мүшесі мақұлдаған. Осыдан соң айдың заңды иесі жер бетінде ай елшіліктерін аша бастады. The Lunar Embassy компаниясы ай участоктарын сатумен 20 жылдан астам уақыт айналысып келе жатқан сондай елшіліктің бірі. Қанша ерсі көрінсе де, компания жер мен күндегі жазықтықтан басқа, Шолпан, Марс сияқты ғаламшар аумағын сатып пайдаға кенелген. Айды меншіктеп, сатуға кіріскен "кәсіпкерлердің" қалтасын қалыңдатқан атақты тұлғалар да жоқ емес . Олардың қатарында, Том Круз, Николь Кидман, Арнольд Шварцннегер де бар. Кей отандастарымыз жалғыз сүйем жерді көксеп жүрсе, ғарыштың бір бұрышын иемденген қалталылар саны 2011 жылы 2 миллионнан асқаны мәлім болды. Сонда айдың аумағын иелену үшін қаншалықты бай болу керек дерсіз? 400 соттық аумақты алу үшін, бар жоғы 19900 рубль қаражат жеткілікті екен. Айдан "жер" алу үшін "ай конституциясымен" танысып шығу керек.Оның бесінші бабында "айға қару апару, меншік құқығынан айрады" деп жазылған. 

"Айды аспаннан бір-ақ" шығармаса да айды сататындар біздің елде де пайда болды. Бурабай курортының демалушысы, Қазақстанда да ай елшілігін ашып, отыз соттық бөлігін 4 мың теңгеге сатуды қолға алған. Атын жасырын ұстаған бизнесмен күдігі басым іске шынымен сенетіндер бар екенін, сыйлық ретінде сатып алатындардың да барын алға тартты.