МӘДЕНИЕТ

“Намаз оқуым жайлы тек өз ортам білетін”. Мөлдір Әуелбекова қашан намаз бастағанын айтып берді

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жолдасы Айша есімімен еркелететін елдің ерке қызы Мөлдір Әуелбекова соңғы уақытта көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz авторлар платформасы хабарлайды.

Әнші өзінің әлеуметтік парақшасында:
Менің намазым!
Намазға қалай келдіңіз деп сұраушылар өте көп. Көбіне намазға орамалды болғалы келді деп ойлайды екен. Жоқ, олай емес. Намазға келгеніме Аллаға шүкір 6шы жыл кетті. Себепкер өзімнің асқар тауым - әкем Есіркеп қажы. Иә, әкем де, шешем де қажы. Әлхамдулиллях! Біз Әуелбековтер үй ішімен намаздамыз: әке-шешем, әпкем, әпкемнің екі үлкен 13/15 жасар балалары, інім-келінім және мен. Намаз оқуым жайлы тек өзімнің ортам білетін. Тыныш қана намазымды оқып, әнімді шырқап, тек етегі ұзын киіп жүре бергеніммен, орамал тағу ойымда арманым болып жүрді. Өйткені, намаз оқып, діни білімім артқан сайын, Алланың әмірлерінен көбірек хабардар болып, шаш пен мойын әурет екенін біліп жүрдім. Бірақ, жаулыққа келуім ұзағырақ болды. 5 жыл ниеттендім. Ниетім араға 5 жыл салып қабыл болды. Қазір Аллаға шүкір намазым да, орамалым да түгел. Көңілім тыныш! 
Орамалым жайлы келесі жолы айтып беремі
н!” деп жазба қалдырды.

Желідегі оқырмандардың пікірі әлі де екі тарапта:
“қайта-қайта айта бергеннен не пайда, оқысаң өзің үшін”,"Ма Ша Алла Мөлдір жарайсыз”, ”Тұрмысқа шығып орындалған екен арманыңыз, ұзағынан болсын”,”Сіздей болғым келеді”,”Жарайсыз, сіз мықтысыз”  деген пікірлер жазылып жатыр.