Алматы облысы

Іс-шаралар тізімі: "Мұқағали 90 жас"

Алматыда Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай іс-шаралар жоспарланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл 9 ақпанда қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың (1931–1976) туғанына 90 жыл толады. Атаулы күнге орай Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен бірқатар іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Аталған іс-шаралардың басты мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысу. Ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бұл шараларда ақынның жан дүниесіндегі толқыныстар көрініс табады. М.Мақатаевтың поэзиясы оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер шырқалатын қойылымдар ақын өмірінің кейбір сәттерін бейнелей отырып, көрерменді қуантады.

  • 1-7 ақпан аралығында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, "Есіңе мені алғайсың" атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан республикалық онлайн байқау өтеді. Байқаудың басты шарты ақиық ақынның шығармашылығынан бір туынды оқып, 1-3 мин аралығында бейнежазба түсіріп, Инстаграм парақшасына #Мақатаев90 хэштэгімен жүктеу керек. Толық ақпаратты @almatymadeniet Инстаграм парақшасынан білуге болады.

  • 5 ақпан, сағат 15:00-де "Алматы қаласы музейлер бірлесетігі" КМҚК С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалды музей кешенінде (М. Төлебаев көшесі, 125) "Алтын қалам" тақырыбында көрме ұйымдастырылады. Кеш қонақтары: Мұхтархан Қалиұлы – ақын, Мұқағали Мақатаевтың немере інісі; Еркін Шүкімән – әнші.

  • 5 ақпан, сағат 10:00-де Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Қазақстан жазушылар кітапханасында (Алтынсарин көшесі, 37) "Мұқағали – жыр дүлділі" тақырыбында әдеби-сазды кешін өткізеді. Кеш қонағы: Шаяхмет Имашұлы – Мұқағали шығармашылығын насихаттаушы.

  • 5 ақпан, сағат 14:00-де Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында (Назарбаев даңғылы, 43) "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін..." тақырыбында ақынды еске алу кеші өткізеді. Кеш қонағы: Шаяхмет Имашұлы – Мұқағали шығармашылығын насихаттаушы.

  • 9, 10 ақпан, сағат 18:30-да "Мемлекеттік қуыршақ театры" КМҚК (Пушкин көшесі, 63) театр репертуарындағы ақын поэзиясының негізінде сахналанған "Мен деп ойла..." қойылымының көрсетілімін өткізеді.

  • 9 ақпан, сағат 18:30-да "Алатау" дәстүрлі өнер театрында "Мұқағалимен сырласу" атты поэтикалық кешін өткізу жоспарланған.

Барлық іс-шараларда карантиндік талаптар қатаң қадағаланып, қашықтық және масқа режимі сақталатынын атап өткен жөн.