Қоғам

Зейнетақы қорынан халыққа 151 млрд теңге аударылды

2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 73 355 өтініш қабылданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

3 ақпандағы тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша 151 миллиард теңге берілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

БЖЗҚ-ға өтініштердің көбі "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ уәкілетті операторынан түсті. Осы оператор арқылы 2021 жылғы 25 қаңтар мен 3 ақпан аралығында 73 355 өтініш қабылданды.

Жалпы сомасы 294,1 миллиард теңгеге жуық 53 709 өтініш (73 пайыздан аса) алдын ала мақұлданып, өңдеуге қабылданды. БЖЗҚ 19 646 өтінішті (шамамен 27 пайыз) заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылдамады.

"Отбасы банк" АҚ уәкілетті операторынан қабылданған 27 327 өтініш бойынша 2021 жылғы 1-3 ақпан аралығында жалпы сомасы шамамен 151 миллиард теңгеге төлемдер жүзеге асырылды. Төлемдердің орташа сомасы 5,5 миллион теңгеден асты.