Саясат

«Назарбаев Конституцияны дәретхана қағазына айналдырды»

Белсенді Макс Боқаев түрмеден босап шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2016 жылы «әлеуметтік араздық тудырды», «жалған ақпарат таратты» деген айыппен сотталған Макс Боқаев араға бес жыл салып темір тордан босап шықты. 2021 жылдың  4 қаңтарында сот алдында Боқаевты ондаған адам күтіп алды. Түрмеден шыға сала өзінің жақтастарымен бірге сотталуына себеп болған митинг өткен алаңға беттеді.

«Егер халықтың қолдауы болмағанда, менің сүйегімді табылмайтындай жоқ қылып жіберетін еді. Назарбаев тақтан кетсе де, өзгеріс әлі жоқ. Өкінішке қарай, Конституциямызды Назарбаев дәрет қағазына айналдырып жіберді. Менің ойымша, бізге жаңа Конституция керек. Алдағы айларда тағы да митингтер өткіземін. Халық «бізге жаңа Конституция мен ұлттық мұра керек» деп талап ету керек»,-деді саяси белсенді Макс Боқаев.

Жұрт жиналған сәтте  Махамбет пен Исатай алаңында байланыс үзілді. Бұл туралы саясаткер Жанболат Мамай: «Сол жерге барған тұстан бастап байланыс толығымен өшірілді. Ешқандай телефон байланысы болмады. Халық жаппай алаңға шықпасын деп билік осындай құйтырқы әрекетке барды деп ойлаймын. Атыраудың полиция қызметтері мен билік өкілдері Макс Боқаевтың бостандыққы шығуына әбден дайындалған»,- деп хабарлама жариялады.