Bugin
Алексей Навальныйдікі өсті
РФ президенті Владимир Путиннің жастар алдандағы беделі үш жылда екі есе түскен. 20 жасқа дейінгі жастардың жартысы жек көреді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Открытые медиа басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Басылымның жазуынша, Путиннің жастар алдындағы беделі күн сайын құлап барады. Бұған "Левада-центр" зерттеу орталығының 2021 жылы қаңтар-ақпан айында жүргізген сауалнамасы дәлел. Сауалнама 18-24 жас аралығындағы 1616 азаматтан алынған. Ал бұлардың 46%-ы Путинді қолдамайтынын айтқан.
Ал 2017 жылғы сауалнамада Путинді қолдамайтын жастар үлесі небары 17%, 2018 жылы – 18%, осы жылдың күзінде – 34% болған екен.
"Пандемия халықтың бар ашуын сыртқы шығарды. Оның үстіне, Алексей Навальныйдың айтқаны мен көрсеткендері, оның ұсталуы мен сотталуы бәрі – Путиннің беделін түсірді", - дейді орталық директоры Лев Гудков.