Қоғам
Ол 9 маусым атап өтіледі
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Күнтізбенің тағы бір күні қызыл түске боялады. Халықтың қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы мақсаттағы қызметкерлер күні 9 маусымға белгіленді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Қазақстанда арнайы мақсаттағы бөлімшелер Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Қорғаныс министрлігінде және Ішкі істер министрлігінде бар.
Қаулыда арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызы зор екені жазылған.
9 маусым Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қауіпсіздік кеңес жанындағы мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесін құру туралы шешіміне қол қойған күнді еске алу үшін таңдалған.