Bugin

Қазақстанда банк беретін кредит өсті

Экономикалық қолдауға жата ма, жоқ па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан банктері экономиканы қолдауға емес, азаматтардың жай тұтынушылық ниетін қанағаттандыру үшін несие беріп отыр. Бірақ бұл ел экономикасына еш пайдасы тиіп жатқан жоқ. Ресейдің Коммерсант басылымы осылай деп талдау жасады. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Қазақстан Ұлттық банкінің дерегіне сүйенсек, елдегі банк секторы заңды тұлғаларды емес, негізінен физикалық тұлғаларды несиелеуге басымдық берген. 2017 жылдан 2020 жылға дейін қарапайым азаматтарға берілген несиенің жалпы сомасы 4,04 трлн теңгеден 7,53 трлн теңгеге дейін өскен. Ал кәсіппен айналысатын азаматтарға берілетін несие сомасы керісінше, 8,67 трлн теңгеден 7,10 трлн теңгеге азайған.

Ал барлық несие портфеліндегі қарапайым азаматтарға берілген несиенің үлесі 31,8%-дан 51,47%-ға дейін көтерілген.

"Локдаун кезінде де банк физикалық тұлғаларға беретін несиесін азайтпай, 13%-ға дейін өсірген", - делінген талдауда.

Осыдан біз қазақстан банктерінің табыс табу жолында тәуекелге бел буып, кәсіпкер азаматтарды емес, қарапайым қатардағы азаматтарға берілетін несиені көбейтіп отыр. Ал бұл экономикаға түк пайда әкелмейтіні анық. Өйткені кәсіпкерге берілген несие кәсіп пен жұмыс орындарын ашуға септігін тигізсе, тұтынушыға берілген несие шетелдік заттарды сатып алуға ғана жұмсалатыны белгілі.

"Сондықтан қазақстан банктері өзінің отандық өнімін емес, импортты көбейтуге "үлес қосып" отыр", - делінген баяндамада.